Білім

Талапқа сай талпыныс

Қоғамның қазiргi даму кезеңi жеткiншек ұрпаққа бiлiм беру мәселесiн жаңа сатыға көтерудi талап етiп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары Астана қаласы колледждерi арасында оқытушылардың шығармашылық, интеллектуалды мәдени деңгейлерiн анықтау үшiн ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар ұйымдастырылуда. Аталған конференцияны мазмұнды ұйымдастыра бiлген Басқару колледжiн ерекше атап айтуға болады.
Аталмыш оқу орнында заман талабына сай бiлiм алуға жан-жақты мате-риалдық, ақпараттық, әдiстемелiк жағдай жасалған. Колледжде директор-дың ғылыми-әдiстемелiк жұмысы жөнiндегi орынбасары Л.В.Пак оқытушыларға жан-жақты әдiстемелiк көмек көрсетедi. Оқытушылардың жетекшiлiгiмен колледж студенттерi көптеген ғылыми-тәжiрибелiк конференцияларға қатысып, жүлделi орындарға ие болды. Бiлiм мазмұнын оқытудың әдiс-тәсiлдерi мен түрлерiн жаңарту, ғылыми-тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзуде iс-тәжiрибесi қалыптасқан, әрiптестерiне үлгi болар-лық В.Ермакова, Б.Сейдахметова, П.Хамзина, А.Жақсыбаева және т.б. ұстаздардың еңбегi ерекше.
«Кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың заманауи тәсiлдерi» атты конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясының жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту лабораториясының меңгерушiсi, педагогика ғылымдарының докторы Г.Баубекова, физика-математика ғылымдарының кандидаты Г.Мырзабекова, экономика ғылымдарының кандидаттары К.Мизамова, Г.Бриншинова, М.Горбунов, қаланың колледж, лицей және мектеп оқытушылары қатысып, үздiк оқытушыларға дипломдар мен сертификаттар тапсырылды.

Нескен САДУЕВА,
Астана қаласы Экономика және қаржы колледжiнiң әдiскерi

Close