Басты ақпаратҚала тіршілігі

Нағыз халықтық Наурыз

Ұлыстың ұлы күнi биыл қазақ жерiнде бес күн бойы тойланды.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы ұлтымыздың төл мерекесiн Халықаралық мереке есебiнде мойындағаны белгiлi. Осыған сәйкес әлем бойынша Наурыз мейрамын шамамен 300 миллиондай адам атап өттi деген де мәлiмет бар.

Қазақ жұртының бас қаласы – Астана алаңдарында ұйымдастырылған мерекелiк шараларға шамамен 50 мыңдай адам қатысты.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатымен бұл күнi қоғамдық тәртiптi қадағалау шаралары күшейтiлдi.
Ұзын саны 2 мыңнан астам тәртiп сақшылары күнi бойы күшейтiлген режимде жұмыс жасады.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты 51 адам мен 8 техника мерекелiк шаралар легi өтiп жатқан негiзгi төрт нысанға қадағалау жүргiздi.

Атап айтқанда, Сарыарқа, Алматы, Есiл аудандарына қарасты үш алаңда үш өрт сөндiру машинасы, жедел құтқару тобының 22 маманы, ал Мемлекет, Үкiмет басшылары қатысқан «Қазақ елi» монументi алаңын-дағы мерекелiк шара кезiнде Төтенше жағдайлар басқармасының 29 қызметкерi, 3 өрт сөндiру машинасы, 1 апатты жағдайлардан құтқару көлiгi, 1 апаттық медицина орталығының машинасы қызмет көрсеттi.
«Қазақ елi» монументi, «Ханшатыр», Орталық алаң маңында Жедел медициналық жәрдем мекемесiнiң 7 бригадасы жұмыла жұмыс жасады.

Ал, қала бойынша мерекелiк шаралар өтiп жатқан 15 нысанға 24 бригада қызмет көрсеттi.
21-25 наурыз аралығында Жедел медициналық жәрдем қызметiне жалпы саны 6240 хабарлама келiп түсiптi.
Мерекелiк шаралардың негiзгi нүктесi «Қазақ елi» монументi алаңында 400 адамның қатысуымен театрландырылған қойылым көрсетiлдi. Алаң ауқымында 30 киiз үй тiгiлдi.
Сондай-ақ, Астана қаласы әкiмдiгiнiң алдындағы алаңда – 10, Отан қорғаушылар алаңында – 23, «Хан шатыр» маңындағы Ғашықтар сая-бағынан Бәйтерек кешенiне дейiнгi аралықта – 12 киiз үй бой көтердi.
Дәл осы күнi ресми мәлiметтер бойынша 12 мың кесе наурыз көже, 12 мың табақ палау, 24 мың орам бауырсақ халыққа тегiн таратылған.
Алматыдан арнайы келген Роза Рымбаева, «Жiгiттер» квартетi, Тамара Асар, «Үркер» тобы, Мәдина Садуақасова, астаналық «Бәйтерек» тобы, Қарақат Әбiлдина секiлдi өнер жұлдыздары халық алдында ән шырқады.
Түрiктiң «ТРТ» телеарнасы 8-шi мәрте ұйымдастырған «Наурызнама» тележобасына Қазақстан ұлттық телеарнасы бесiншi рет қатысты.Телеарна үш рет эфирге қосылып, қазақтың салт-дәстүрлерiн насихаттады.
Астананың бейбiт аспанына 10 мың шар ұшырылды.
Наурыз мерекесiне қатысты ең қызық мәлiметтердiң бiрi – Қазақстан халқы дәл 22 наурыз күнi Kcell, Activ ұялы байланыстары арқылы 124,6 млн қоңырау шалыпты. Әрине, қоңыраудың көпшiлiгi Ұлық мерекемен бiрiн-бiрi құттықтау мақсатында соғылғаны айтпаса да түсiнiктi.

Шынар ДОСАН

Показать больше

Related Articles

Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.