Апта

АПТА САУАЛЫ

Астанада бокстан Лондон олимпиадасына жолдама беретiн Азиялық лицензиялық жарыс өтiп жатыр. Қазақстан құрамасынан төрт боксшы сынға түседi.

ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАҒА ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА БАРА МА?

Мырзағали АЙТЖАНОВ, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы:

Бұл жарысқа тас-түйiн дайындалып келдiк. Өздерiңiз бiлесiздер, құра-маның 6 боксшысы олимпиада лицензиясын алдын ала алып қойған. Ендi төрт салмақ бойынша жiгiттерiмiз Астананың шаршы алаңында айқасатын болды. 49 келiде Бiржан Жақып бағын сынайды. 52 келiде жас боксшы Iлияс Сүлейменовке үмiт артуды жөн көрiп отырмыз. 91 келiде Василий Левит деген боксшымыз лицензияға таласатын болады. Кеше 64 келi салмақтағы Данияр Елеусiнов бiрiншi жекпе-жекте жеңiске жетiп қуантты. Бұл турнир – боксшыларымызға берiлiп отырған соңғы мүмкiндiк. Өз басым жiгiттердiң бәрiне сенiмдiмiн. Дайындықтары жақсы, жеңiске жетуге құлшынып тұр.
Жалпы, бұл жарысқа 27 елдiң боксшылары келiп отыр. Ал бiз Лондон ойындарына толық құрамда баруға тиiспiз. Соған бар күшiмiздi жұмылдырамыз.

Марат МАРДЕНОВ, генерал-майор, бокс жанкүйерi:

Бокс – қазақтың бiрiншi нөмiрлi спорты. Тәуелсiз ел болғалы барлық олимпиада ойындарында алтын медаль алған. Бiрақ, соңғы әлем чемпионаттарында көрсеткiшiмiз ойдағыдай болмады. Соған қарамастан мен Лондон олимипиадасында бiздiң боксшылар алтын да, күмiс те, қола медаль да алады деп ойлаймын. Ал мына турнирде төрт боксшымыз да лицензия алуға тиiс. Сонда олимпиадада жақсы көрсеткiш болады. Қайсысын айтсақ та, тәжiрибелi, ел бiлетiн жiгiттер ғой. Тек сәттiлiк жолдас болсын деп тiлеймiн.

Close