Апта

АПТА БҰЙРЫҒЫ

Осы аптада Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес Парламент тиісті шешім қабылдаса, «7 мамыр — Отан қорғаушы күні» бұдан былай мемлекеттік мереке ретінде тойланатын болады.
Бұйрық негізінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына алғыс жарияланып, бұйрықтың мәтіні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамына салтанатты жағдайда жеткізілуі керек.

Ал, 7 мамырда Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашу жасалатын болады.
Мұнымен қоса Елбасы бұйрықтың мәтінінде Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі екенін, бұл күн — казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайтынын айтып өткен.

Close