• USD 328
  • EUR 404
  • RUB 5.5

Астанада бала туу қанша тұрады?

16 наурыз, 10:26310
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Елорда инфо тілшісі Астананың қалалық перинаталдық орталықтарында жүктілікті ақылы түрде жүргізу мен босану үшін қанша ақша қажет екенін саралап, есептеп көрді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда перзентханаларда жүкті әйелдерге көрсетілетін ақылы қызметтің құны 300 теңгеден бастап, 400 000 теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды, Елорда Инфо

Астанада бір баланы туу үшін қанша ақша керек? Ақылы босануды елордалық әйелдердің қалтасы көтереді ме?  
Жүкті әйелдердің босануға баратын бір-ақ жері бар. Ол - перзентхана. Астанада бір емес, үш перинаталдық орталық пен республикалық Ана мен бала орталығы бар. Елорда инфо тілшісі қалалық үш перинаталдық орталықтар жүкті әйелдерге ұсынып отырған қызметтері мен олардың ақысын саралап шықты. 
Қалада елорда әкімдігіне қарасты үш перинаталдық орталықтардың барлығы жоғары материалдық-техникалық база мен үшінші деңгейге ие. 

№ 3 перинаталдық орталық№ 3 перинаталдық орталық

 

Сонымен, № 3 перинаталдық орталық Астанадағы ең «тәжірибелі» орталық. Себебі, оның жұмыс істеп жатқанына биыл 54 жыл. Ақмоладағы алғашқы перзетханада жергілікті халықтың тең жартысы дүниеге келді десек артық айтқандық емес. 
Бүгінде бұл орталық жүктілік кезеңін ақылы түрде жүргіземін деген әйелдерге төрт басымдылық беріледі. Біріншісі – кәсібилік. Біздің орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер мен акушерлердің 20  жылдан астам тәжіриесі бар. Екіншісі – құпиялылық, яғни сервистік клиенттерге жеке бөлімше бар. Тіпті, ақысын төлесеңіз джакузиі бар жеке босану палатасын ұсынады. Сондай-ақ босануға қатысқан серіктесімен бірге екі орындық палатаға орналастырылады. Үшінші басымдылық – қауіпсіздік. Бұл орталықта алғаш болып әйелдерді жеңіл босануға дайындайтын бірқатар курстар ашылды. Мәселен, жүктіліктің бастапқы кезінен бастап босанғанға дейінгі аралықта орталықтың дәрігерлеріне қаралу үшін 157 675 теңге төлеу керек. Бұл қызмет түрі «Салауатты ана» деп аталады. Жүктілерге арналған йога мен жеңіл босану курсы бар. Сегіз сағаттық бағдарлама бағасы -  8900 теңге. Сонымен бірге босануға қатысатын серіктес пен әкелерге арналған курс бар. 6900 теңге төлесеңіз үш сағаттан тұратын бағдарлама аясында серіктестке босану кезінде не істеп не қою керектігін үйретеді.

«Мұның барлығы босануға дейінгі көрсетілетін ақылы қызметтер. Ал босанудың өзі бірнеше санаттан тұрады. Ақысы да санатына қарай әрқилы. Мәселен, кесар арқылы босану құны келесідей: Вип пакет – 424200 теңге, премиум пакеті - 335 100 теңге, алтын пакет – 298 960 теңге, ал стандарт пакетінің құны 210 540 теңге», - деді №3 перинаталдық орталықта.

Бұл орталықта отаның көмегісіз ақысын төлеп өзім босанамын деген әйелдерге «Жайлы босану» (жартылай люкс палатасында  босану ақысы – 179 484 теңге), «Жайла босану Gold»(вип палатада босану – 268 794 теңге), «Жайлы босану Premium» (дәрігерді өзің таңдау арқылы босану – 304 724 теңге) және «Жайлы босану Vip» (вип палатада дәрігерді өзің таңдау арқылы босану – 394 034 теңге) пакеттері бар.

№ 2 перинаталдық орталық№ 2 перинаталдық орталық

 Ал қалалық № 2 перинаталдық орталықтың ұсынып отырған бағасы келесідей: жүктілікті бақылау (10 рет дәрігердің қабылдауында болу) – 120 000 теңге, акушер гинеколог дәрігерінің  консультативтік қабылдауы (10 рет) 20 мың теңге, ал акушер дәрігердің консультативтік қабылдауы (10 рет) 15 000 теңге. Жүктілік кезеңіндегі қан тапсырудан бастап басқа да процедуралық қызметтердің бағасы 300 теңгеден басталады. Ал босану блогының ең төменгі ақысы - 500 теңге.Бұл бағаға науқастың жарасын таңып береді.  Сонымен, №2 перинаталдық орталықта ақылы босану ақысы мынадай: күрделі босану (цикл) – 165 200 теңге, физиологиялық босану – 92 000 теңге, эпидуралды анестезиямен физиологиялық босану  - 116 000 теңге, ал кесар тілігі арқылы босану үшін  220 800 теңге төлеу керек.  Айта кетейік, №2 орталық Астанадағы тәжірибесі жағынан екінші орында тұр. Себебі, биыл бұл мекеменің ашылғанына тура 40 жыл толып отыр. 

№1 перинаталдық орталық№1 перинаталдық орталық

Елорданың ең жас перзентханасы және материалдық-техникалық базасы жағынан ең қуаттысы ретінде №1 перинаталдық орталық болып саналады.

2009 жылы ашылған бұл орталықта туа салысымен денсаулығы мүшкіл сәбилерге күрделі ота жасалады. Аталған орталықтың көрсететін қызметіне сұрайын бағасына көз жүргіртсек, жүктілікті бірінше кезеңінен  есепке алып (қандай да бір патологиясыз) жүргізу 172 500 теңге, ал жүктіліктің екінші кезеңінен тіркеу (бұл да патологиясыз) 90 000 теңге, өздігінен немесе кесар тілігі арқылы босану - 330 000 теңге тұрады. Айта кетейік, перзентхана 95 000 төлесеңіз босанғаннан кейін ана мен сәбиге үш күнге орта медициналық қызметкерден тұратын арнайы күтім қызметін ұсынады. Сонымен бірге жүкті әйелдің босануына қатысатын серіктесі үшін де қосымша ақыға жатар орын мен ішер тамақ ұсына алады. 
Елорда Инфо тілшісі саралап шыққан Астана қаласындағы үш перинаталдық орталықтардағы жүктілікті жүргізу және босану ақысы осындай. Қарап отырсақ, орта есеппен Астанада бір баланы ақылы түрде туу үшін 300 мың теңгеден астам ақша керек. Бұл тек орталықтардың босандырған қызметі үшін алатын ақысы. Ал одан бөлек, перзентханаға арнайы дайындықсыз тағы бара алмайсыз. Дүниеге келген сәбидің киім-кешегі мен күтіміне қажет заттары бар. 
Қалай болғанда да, кез келген әйел баласын ақы төлемей тегін-ақ босана алады. Себебі, елімізде кепілдендірілген тегін мединалық қызмет көрсету көлемі негізінде бұл қызмет Қазақстан азаматтарына тегін көрсетіледі. Сондықтан нәрестені дүниеге перзентханаға артық тиын төлеместен тегін әкеледі ме, әлде жайлы әрі жақсы жағдай үшін ақысын төлеп босанады ма, ол қашан да әйелдің өз еркінде.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


соңғы ақпараттар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх