Әлеумет

ҚАЗАҚСТАН ҚАУIПСIЗДIКТI ҚОЛДАЙДЫ

Бауыржан БЕКЖАНОВ,
«Зерде» тiлдердi дамыту жөнiндегi инновациялық орталықтың директоры:

Аптаның ең елеулi оқиғасы бүкiл әлемнiң назарын өзiне аударған Сеул саммитi болды.
Баршаға белгiлi, қазақ жерi жарты ғасыр бойы осы алапат қарудың сұмдығын басынан кешiрдi.
Жалпы, ядролық қару мәселесi тек Қазақстан немесе ТМД елдерi үшiн ғана емес, тұтас әлем үшiн маңызды. Сондықтан аталған жиын жаһандық мәселенiң жүгiн көтеруiмен зор маңызға ие болды дер едiм.
Расында, ядролық қару және одан қорғану мәселесi соңғы жылдары үлкен проблемаға айналып отыр.
АҚШ-тың бұрынғы вице-президентi Уолтер Мондейлдiң «Үшiншi дүниежүзiлiк соғыста ардагерлер болмайды» – деген сөзiнде сұмдық астар жатыр.
Яғни, жаңа ғасырдағы әлемдiк ой-сананың ұшқыр дамуының нәтижесiнде ядролық терроризм адамзат баласының алдында тұрған аса iрi қатер-лердiң бiрi болып отыр. Ядролық қақтығыстардың бетiн аулақ қылсын. Жаппай қырып-жою қаруларын пайдалану өз кезегiнде адам құр-бандықтары мен өлшеп болмайтын ауқымдағы зардаптарға әкелiп соқтыратыны анық.
Мiне, осы орайда Қазақстанның 20 жыл бұрын Семейдегi сынақ полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркiмен бас тартуы талай елге үлгi болды.
Аталмыш саммитте алпауыт Америка, көршi Ресей Қазақстанның бұл батыл қадамына жоғары баға бердi.
АҚШ президентi Обаманың Қазақстан басшысын «қарудан бас тарту бойынша халықаралық қозғалыстың көшбасшысы» деп атауы да барша отандастарымыздың көңiлiне мақтаныш сезiмiн ұялатқаны сөзсiз.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.