Әлеумет

АҚЖОЛТАЙ ЖЫЛДЫҢ АРДА АЙЫ

Белгiлi астролог Өтеген Омаров осылай деп, жаңа жылдың ерекшелiгiн айтып бердi. Жұлдызшының айтуынша, адамзаттың жер бетiндегi мiндеттерiн атқаруға өте қолайлы жыл туды.

22 Наурызда жаңа ай туады. Жаңа жыл мен жаңа айдың қатар басталуы бар жақсылықтың, жаңа бастамалардың бастауы болатынынан хабар етсе керек. Алғашқы жарты жыл ауыл шаруашылығына өте қолайлы. Табиғат-ана да бар мейiрiмiн төгiп, дала төсiнде еңбек еткен жанның несiбесiн мол бередi. Биыл көктемде отырғызған ағашыңыз жемiстi болады. Осы жарты жылдықта отау құрған азаматтың керегесi кең, шаңырағы биiк болады. Келесi жарты жылда рухани дамуға, ғылыммен айналысуға мол мүмкiн-дiктер ашылады. Бүкiл елдi кеулеп келе жатқан дағдарыстың ұшқыны бiздiң елдi де сырт айналып өтпейдi. Бұл әсiресе, жылдың соңғы екi айында сезiледi.
Астана – рухани келiсiм мен бiрлiктiң салтанат құрған жерi. Жердiң кiндiгiнде орналасқан елордамыз осы мiндеттi абыроймен алып шығып, мереке думаны арта түседi.

Close