00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астана музейлеріне келушілер саны артқан

05.04.2023 | 17:01
53
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында елорда музейлерінің қызметі туралы Бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

2021 жылы 19 ақпанда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені» МКҚК, «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешені» МКҚК, «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК , «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы» МКҚК  біріктіріліп, Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» деп өзгертілді. 

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені – 4,371 га аумақты құрайтын еліміздің қалаларының табиғи және сәулеттік көрікті жерлерінің миниатюралық көшірмелері бар еліміздің географиялық аумағы. Жалпы экспонаттар саны 497. Этно-мемориалдық кешен әр жылдың мамыр және қазан айларының арлығында жұмыс атқарады. 2022 жылы 4 980 экскурсия, 1 көрме, 51 іс-шара, 25 дәріс оқылды. 2023 жылдың қаңтар, ақпан айларында 6 іс-шара, 10 дәріс өткізілді, - деді спикер.

Оның айтуынша, саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы, ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы жаппай террор құрбандарына арналған ескерткіш. 2007 жылғы 31 мамырында ашылды. «АЛЖИР» мұражайының қорында 19 203 жәдігер бар. Мұражай ұзындығы 12 метр, ені 2,5 метр тоннельден басталады. Тоннель идеясының авторы – Смағұлов Сембіғали. «Алаш»  бағының ауданы 1,5 гектар. Бұл жерде кезінде «АЛЖИР» тұтқындары еккен алма бағы болған. 2022 жылы Мұражай-мемориалдық кешенінің оффлайн – 52 470, онлайн – 1 484 келушілер бар. 

«Сәкен Сейфуллин» атындағы мұражай Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ұсынысы бойынша 1988 жылы 21 қаңтарда ашылды. 1920-1930 жылдары ғимаратта қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин жұмыс істеген. 2022 жылы С.Сейфуллин мұражайына оффлайн – 11651. Онлайн– 23725 адам келген. 2023 жылы қаңтар, ақпан айының офлайн жүйесі бойынша келушілер саны – 1208. Онлайн жүйеде – 3753, - деді Бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары. 

Сондай-ақ ол Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылды. Астана қаласының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, реставрациялау және насихаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратынын айтты. Ескерткіштермен және мәдени маңызы бар объектілермен жұмыс және олардың сақталуын бақылау тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайын зерделеу, күтіп ұстау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

Қарамағында 46 тарихи-мәдени мұра ескерткіші мемлекет қорғауында, оның ішінде 3-і республикалық, 43-і жергілікті маңызы бар. Астана қаласындағы ескерткіштердің жалпы саны – 111 (оның ішінде ескерткіштер: тарих және сәулет – 46, монументалды өнер – 57, археология – 8), - деді спикер.

Барлық жаңалықтар