00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

01.04.2023 | 00:39
Елорда ақпарат
40

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Рамазан айы қарсаңында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Астана қаласының бас имамы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Ибраев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің ақпаратына сәйкес, биыл Рамазан айы 23 наурыз бен 20 сәуір аралығында өтеді.

Ораза айт мерекесі 21 сәуір күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Рамазан айында ораза кестесіне сәйкес күнделікті қала мешіттерінде келушілер мен мұқтаж жандарға алдын ала талон тарату арқылы тегін ауызашарлар ұйымдастырылып, тарауық намаздары оқылады.

Тарауық намаздары сағат 23:30-00:30-ға дейін жалғасатындықтан 22 наурыз – 20 сәуір аралығында қала аумағында орналасқан ірі мешіттерге қатынайтын автобустардың уақыты ұзартылады: «Бас мешіт» – 5 автобус, «Əзірет Сұлтан» мешіті – 4 автобус, «Әбу насыр әл-Фараби» – 3 автобус, «Сəдуақас қажы Ғылмани» – 2 автобус, «Рахымқызы Раиса ана» – 1 автобус, – деді Н.Әлмұқанов.

Рамазан айы күндері ауызашар уақыты, садақа, ораза ұстау және тағы басқа діни өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс жасайды.

Оқи отырыңыз: Биылғы пітір садақа мөлшері қанша

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

Ораза айында елорданың барлық мешіттерінде тарауық намазы мен Құран хатым оқылады, Шұбар шағын ауданындағы «Әл Ғани» мешітінде  Құран хатым оқылмайды, тарауық намазы қысқаша сүрелермен оқылады.

Барлық жаңалықтар