00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазпошта 678 млн теңгені тиімсіз жоспарлаған

24.02.2023 | 16:12
Елорда ақпарат
33

Сондай-ақ 2018-2020 жылдар аралығында аудит арқылы анықталған бірқатар мәселелер де белгілі болған.

"Мемлекеттік аудит нәтижесінде 163,9 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бухгалтерлік есеп 0,6 млн теңге, тиімсіз жоспарлау – 678,3 млн теңге, тиімсіз пайдалану – 47,4 млн теңге, экономикалық шығындар – 6,9 млн теңге, сондай-ақ нормативтік бұзушылықтардың 32 фактісі және екі жүйелік кемшілік анықталды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қазпочта" АҚ пайдасына субсидияларды негізсіз төлеуге әкеп соққан бұзушылықтарға жол берді. 

"Мәселен, қалалық жерлерде жазылым арқылы мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша қызмет көрсету кезіндегі шығындар өтелді. Түркістан қаласында құны 1 млрд теңге болатын бір жылдан астам уақыт бұрын салынған және пайдалануға қабылданған цифрлық кеңсе ғимараты қазіргі уақытта бос тұр. Ғимарат толық дайын емес және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда пайдалануға қабылданды", - делінген хабарламада.

"Қазпочта" АҚ қызметінің стратегиялық негізгі көрсеткіштері орындалмағанынан көптеген мәселелер туындағаны анықталған. 

"Мәселен, 2018 жылы 29% ПӘК(пайдалы әсер коэффиценті) (7 көрсеткіштің 2 – і), 2019 жылы – 72% (7 көрсеткіштің 5 – і) және 2020 жылы-қызметтің негізгі көрсеткіштерінің 86% - ы (7 көрсеткіштің 6-ы) қол жеткізілген жоқ", - деп хабарлайды есеп комитеті.

Ертеректе айтылғандай, 2020 жылы "Қазпочта" түскен пайданың  53% – ын пошта қызметтерін көрсету есебінен, 46% - ын қаржы қызметтері есебінен алды. Түсімнің қалған 1% - ын үй-жайларды жалға беру, айырбастау пункттерінде қолма-қол валютаны сатып алу/сату алып келді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызметтен түсетін кірістердің төмендеуіне байланысты компанияның шығыны 5,1 млрд теңге болатын. Пандемияға және қозғалысқа қойылған шектеулерге байланысты пошта қызметтерінен түскен табыс 24,4 млрд теңгеге (-10%) дейін төмендеді. Негізгі шығын халықаралық пошта жөнелтілімдеріне тиесілі, олардың кірістері 7,4 млрд теңгеге (-33%) дейін азайды.

Ел ішінде пошта жөнелтілімдерін жеткізу бойынша қызметтерден түскен кіріс "халықаралық" шығындарды ішінара өтей отырып, 17 млрд теңгеге дейін (+6,7%) өсті.

Алайда, соңғы үш жылда" Қазпочта " АҚ дүниежүзілік пошта одағының рейтингінде жүйелі түрде төмендеп келеді (2017 жылы – 46-орын, 2018 жылы – 49-орын, 2019 жылы – 52-орын). 

"Қазпошта" АҚ Ұлттық пошта операторы және ҚР тағайындалған операторы.

Еліміздегі ең ауқымды филиалдық желісі - 3024 өндірістік объектісі бар. Оның ішінде: орталық операциялық учаскелер – 187, стационарлық пошта байланысы бөлімшелері – 2 026, пошта байланысы пункттері – 508, жылжымалы пошта байланысы бөлімшелері – 106, төлемдерді қабылдау пункттері – 197.

Барлық жаңалықтар