00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Балалар арасында туа біткен ақау көбейді

29.09.2023 | 16:00
56
Фото: ашық дереккөз

Соңғы онжылдықта еліміздегі мүгедектер саны 14%-ға, ал мүмкіншілігі шектеулі балалар саны 49%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info . Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағанды қаласында өткен мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі көшпелі отырысында айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы талқыланды. 

Мүгедектігі бар адамдардың үлесі халық санының өсуінен баяу, ал балалар арасында бұл сан керісінше үш есе жылдам өcуде. Сондықтан балалар мүгедектігін алдын алу бойынша шараларды күшейтуді қажет екенін көрсетуде, – деді Светлана Жақыпова.

ЕХӘҚМ мәліметінше, ересектер арасында қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологиялық аурулардың өсуі, ал балалар арасында туа біткен ақаулардың көбеюі байқалады. Бұл оларға ерте жастан сапалы медициналық көмек көрсету қажеттілігін көрсетеді.

Айта кетейік, елімізде 719 мыңға жуық адам бар. 

Барлық жаңалықтар