00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада 2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінім қабылданып жатыр

08.12.2023 | 13:42
45
фото: gov.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласындағы медицина ұйымдары https://fms.ecc.kz/ сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін жүргізеді. Көлемдерді бөлуге ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің ақпараттар базасына енгізілген медициналық ұйымдар қатыса алады.

2024 жылға екі пакетте де медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында 2,8 трлн теңгеден астам, оның ішінде МӘМС бойынша – 1,2 трлн теңгеден астам қарастырылған. 2023 жылы сатып алу жоспары 2,5 трлн теңгені құрады (алдағы жылы қаржыландыру 12%-ға өседі).

«ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде 2024 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап 11 желтоқсан сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сілтеме бойынша бере алады» - деп түсіндірді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Е.Бекмұхамбетов.

 Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге, жекеменшік клиникалар да медициналық қызмет көрсете алады.

Барлық жаңалықтар