00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Астанада тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша семинар өтті

31.03.2023 | 19:34
Елорда ақпарат
59

Астанада тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша семинар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырып отыр.

Семинар барысында маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алу және ЖРВИ мен тұмау ауруының профилактикасы жөнінде қосымша ақпараттар берілді. Баршамызға мәлім, бұл ауру әсіресе күзгі-қысқы кезеңде байқалады. Азаматтар тұмаудың алғашқы белгілері байқалған уақытта бірден дәрігерді үйге шақырған жөн, - деді Астана қаласы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы Қанат Хамзин.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 

Барлық жаңалықтар