00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Таза Қазақстан: Елордада «Жасыл аймақ» экоапталығы басталды

23.04.2024 | 08:32
79
Таза Қазақстан: Елордада «Жасыл аймақ» экоапталығы басталды
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық науқан жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жасыл аймақ» ұранымен өтіп жатқан осы апта ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

Елорда тұрғындары эко іс-шараларға белсенді түрде  қатысады және әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

Осы экоапта аясында елордада 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған, жыл соңына дейін 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

"Біз апта сайын ауламызды тазалауға барамыз. Бұл дәстүрге айналды. Біз әдемі, таза қалада өмір сүргенді ұнатамыз. Ал өз қалаңызды таза, әдемі және жайлы ету үшін әрқайсымыз тазалық пен тәртіптің қарапайым ережелерін ұстануымыз қажет, - деді Сарыарқа ауданының белсендісі Айжан Бекбаева.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады.Ол үшін: Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылу, Instagram-дағы экоакциядан түпнұсқа видеосын жариялау және оны #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерімен белгілеу қажет (жарияланым болуы керек, stories емес).

Барлық жаңалықтар