00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қасиетті айда еліміз үшін сауап пен сынақ қатар келді – әнші

09.04.2024 | 11:02
65
Қасиетті айда еліміз үшін сауабы мен  сынағы қатар келді  – әнші
Фото: baglan_abdraimov_official

Елдегі су тасқыны жағдайларына байланысты әнші Бағдан Әбдірайымов пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жақсылыққа жарысайықшы. Әні, міні дегенше сауабы сансыз Рамазан айы да бітті. Бұл қасиетті айда еліміз үшін сауабы мен қатар сынағы да қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батысымызды басты. Солтүстігімізді шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат Алланың қалауы дейміз. Бұл күн де өтер, біз жиі айтатын бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер, - деді өнер иесі.

Барлық жаңалықтар