00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Масалар мен шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізіледі?

22.04.2024 | 21:13
44
Елордада масалар мен шыбын-шіркейге қарсы күрес басталды
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қолайлы ауа райы жағдайларын белгілей отырып, су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді масалардың дернәсілдік формасының болуына тексеруді бастады. 

Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, тұрғын алаптарда шыбын-шіркейге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Маусым бойы іс-шаралар түнгі сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі. Іс-шара кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау маңызды:

-Өңделетін жерге баруды шектеу;

-Өңдеу кезінде терезелерді жабыңыз.

Бұл дезинсекциялық шаралар толық жойылуға емес, тітіркендіргіш жәндіктердің санын азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.

Барлық жаңалықтар