00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада «Халық батырлары» журналының тұсаукесері өтті

23.04.2024 | 18:31
Сабина Кәкімжан
130
Елордада «Халық батырлары» журналының тұсаукесері өтті
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін «Халық батырлары» республикалық қоғамдық-патриоттық журналының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Басылым жастарды патриоттық тәрбиеге баулиды және  Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, ізгілікке жол сілтейді.

Негізгі мақсатымыз –  жастарымызға, өскелең ұрпаққа еліміздің сыйлы азаматтарын үлгі ету. Олар Тоқтар Оңғарбайұлы, Талғат Амангелдіұлы, Айдын Ақанұлы сияқты ғарышкер ағаларына ұқсауға талпынса деймін. Еліміз егемендік алған күннен бастап бүгінге дейін «Халық қаһарманы» атағын алғандар саны – 34, «Еңбек Ері» атағын алғандар саны – 48. Оның ішінде «Халық қаһарманы» атағын алған 11 адам, «Еңбек Ері» атағын алған 37 бүгінгі күні ортамызда. Өткен күндерді есімізде сақтау, ал бүгінгі ардагерлерді ұмытпай, оларға жүйелі түрде көмектесіп, қолдау көрсетуіміз керек, - деді «Tayelsiz Qazaqstannin Halyq Batyrlari»  республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев.

Басылым  әлеуметтік, ғылыми, ауыл шаруашылығы, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелерін және елімізге қызмет етіп жүрген еңбек азаматтары туралы тақырыптарды көтереді.

Іс-шараға  Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және т.б. қатысты.

Барлық жаңалықтар