00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

22.04.2024 | 19:57
48
Астанада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Фото: Facebook/JenisQasymbek

Ауа райының жылуына байланысты елордада абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нақтырақ айтқанда, абаттандыру және көгалдандыру, жол жөндеу және салу, санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы және т.б. Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жоспарымыз бойынша, 1 миллион жасыл желек отырғызылады. Мәселен, Ұлытау аллеясын, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік даңғылдарын ауқымды деңгейде абаттандырып, көгалдандырамыз. Сондай-ақ, «Қазақ елі» алаңын, «Мыңжылдық» аллеясын, Жүргенов аллеясындағы гүлзарды, «Керуен» СОО жанындағы гүлзарды және т.б. абаттандырамыз, - деді әкім.

Биыл қалада 50-ден астам көше жөнделеді.

Ескі вокзал мен оған іргелес Гете мен Біржан сал көшелерінің аумағы абаттандырумен қамтылады. Жағалау шағын ауданы да кешенді абаттандырылады. Оған қоса, Ақбұлақ жағалауы, Президент саябағы және «Бейбітшілік пен келісім» саябағы енетін Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерін абаттандыруды жоспарлап отырмыз.Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүргізіледі. Жол жұмыстарына тоқталар болсам, биыл 50-ден астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Тағы 200-ден астам көше биыл жөнделеді. Сонымен қатар, күнделікті негізде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы, санитарлық тазалау, экоакция және т.б. жүргізіліп жатыр, - деді Жеңіс Қасымбек.

Барлық жаңалықтар