00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Сенат сайлауы: 20 депутат сайланады

31.03.2023 | 21:52
Елорда ақпарат
29

Сенатқа сайлаудан кейін жаңа адамдар депутат болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

14 қаңтарда сайлау өтеді. Осы орайда 20 сенатор сайланатын болады. Әр өңірден бір депутаттан келеді. Қазір 20 орынға 64 кандидат тіркелген. Демек, бір орынға 3 кандидаттан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. Осы 64 кандидаттың арасында 30 пайызы әйел адамдар екені құптарлық үрдіс", - деді М. Әшімбаев Сенат кулуарында тілшілер сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар ол сайлаудағы кандидаттардың арасында төртеуі қазіргі сенаторлар екенін айтты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.

Барлық жаңалықтар