00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

"Көрсетілмеген материалдар енгізілген": Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шығады

24.02.2023 | 20:25
Елорда ақпарат
26

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Алдағы күндері Елбасының "Штрихи к портрету" деректі фильміне берген сұхбаты негізінде кітап жарыққа шығады. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енгізілген, – деп жазды ол Twitter парақшасында.

Кітап авторы – Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған журналист Айгүл Әділова.

"Штрихи к портрету" –  Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп бөлімді деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Бірінші бөлім 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні көрермен назарына ұсынылды.

Барлық жаңалықтар