00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Инватакси қызметін қосымша арқылы пайдалануға болады

21.07.2023 | 09:00
55

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асырудың алғашқы 10 күнінде Астана мен Алматыда аталған қызмет 268 рет көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info.

Инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің механизміне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т.б. мәселелер бар.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда.

Әдетте агрегатор жасалған сапарлардың төлемақысынан платформаларының пайдасына белгілі мөлшерде пайыз аударатын болса, мұндағы басты шарт сол пайыздың болмауы. Осы жұмысты қолдаған Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылау.

Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатыны секілді қажетті нұсқауларды алады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады. Қызмет көрсетудің оң нәтижесі болған жағдайда жаңа форматта мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асатын болады.

Барлық жаңалықтар