00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны айтылды

31.03.2023 | 22:25
Елорда ақпарат
64

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Жаңадан сайланған Сенат депутаты кенеттен қайтыс болды

Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ. Сонымен қатар, пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады, – делінген Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Барлық жаңалықтар