00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мұхаммед пайғамбардың атын жала мен өтіріктен тазартқым келеді – публицист (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:51
Елорда ақпарат
50

Stan.kz-тің жазуынша, Арманжан Байтасовтың YouTube арнасына екінші рет қонаққа келген Серік Рысжанов қазақстандықтарды толғандыратын сұрақтарға жауап берген.

Рысжанов «неліктен арнайы білім жоқ адамның Құранды аударып шыққанына» қатысты сұраққа жауап берді. 

Құранды діни білім амаған адамдар да аударған. Мысалы, бұлар Постников, Веревкин, Николаев, Крачовский, Шумовский және т.б. Олар Құранды орыс тіліне аударды, ал олардың еңбектері ғылыми ортада да қолданылады, – деді ол Baitassov Live бағдарламасына берген сұхбатында. 

Ол Абайдың да тек медресені аяқтағанын айтып өтті. Сөзінше, ақынның жоғары діни және философиялық білімі болмаған.

Бірақ ол философ ретінде танылды. Меніңше, мәселе діни білімде емес, ақпаратты түсініп, сараптап, адамдарға жеткізе білу қабілетінде. Құдайдың біреу екенін, ешкімді өлтіріп, тонауға болмайтынын түсіну үшін арнайы діни білім алудың керегі жоқ, – деді ол. 

Рысжанов Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Лебедевтің оқулығы бойынша Құранға арналған араб тілін меңгергенін мәлімдеді. Лебедев IX ғасыр ғалымы, араб грамматикасының имамы ретінде танылған Сибавейхидің еңбектері негізінде өз әдіснамасын ойлап тапқан.

Серік Рысжанов пайғамбардың беделін түсіргісі келмейтінін, тек оның есімін жала мен өтіріктен тазартқысы келетінін айтты. 

Шын мәнінде мен Мұхаммед пайғамбардың атын жала мен өтіріктен тазартқым келеді, – деді Рысжанов сұхбат кезінде. 

Публицисттің сөзінше, Құран – Құдай сөзі, ал хадистер – Құдайдың елшісі туралы адамдардың естелігі негізінде жазылған әңгімелер. 

Осы еңбектердің бір қабатын Құдай елшісінің сүннеті деп атап кетті. Сондықтан бізге Құран мен пайғамбардың сүннетіне еру керек деп айтады, – деп қосты Рысжанов. 

Аудармашы Құранда да «сүннет» сөзі кездеседі дейді.

Қазір сүннет деп пайғамбардың өмір салтын, оның әрекеті мен шешімдерін айтады. Ал Құранға қарайтын болсақ, мұнда да «сүннет» сөзінің қолданылғанын көреміз. Бұл сөз «заң» болып аударылады. Яғни сүннет дегеніміз Құдайдың заңы дегенді білдіреді. Ал пайғамбар осы заңдарды ұстанған. Әңгіме осыда. Пайғамбар секілді Құдайдың заңын ұстану керек, – деп түсіндірді ол. 

Серік Рысжанов хадистерді «тарих, мәдениет, ескі сөздер мен миф, фольклор» деп түсінетінін айтты. 

Барлық жаңалықтар