00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мажарстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары іріктеу жарыстары өтті

24.04.2024 | 09:58
73
Мажарстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары іріктеу жарыстары өтті
Фото: дереккөз

Мажарстанның Альбертирша қаласында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға іріктеу жарыстары өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Мажар Кёбере (көкпар) дәстүрлі спорт федерациясы» ұйымдастырған іс-шараны «Мадьяр-Тұран» қоры мен Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілдері және Альбертирша қаласының басшылығы ашты.

Салтанатты жиында ұлттық жарыстар түркі әлемінің жаһандық дәстүрлі ойындарының құрамдас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ойындардың мәдени мұрасын сақтауды күшейту қажеттілігі ерекше аталып өтті.

Іріктеу жарыстарында келесі сайыстардың категориялары ұсынылды: садақ ату, жамбы ату, ат үстіндегі найза жекпе-жегі, атқа мініп күресу, сондай-ақ бүркітпен аң қағу. 

«Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясы» Мажарстандағы ең ірі спорт ұйымының бірі және Дүниежүзілік этно-спорт конфедерациясымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

«Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясының» штаб-пәтері Будапештте орналасқан. Ұйымның президенті – Андраш Биро.

Барлық жаңалықтар