00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Астанада жаппай веложарыс өтеді

12.05.2024 | 08:30
139
Астанада жаппай веложарыс өтеді
ашық дереккөз

19 мамырда сағат 8.00-ден бастап Астанада жаппай веложарыс өтеді, оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велосипедшілер айналма веложолдан (Қосшыға қарай жол бойында) 25 км қашықтықта бастап, «Үркер» тұрғын алабының «Жасыл белдеу» саябағында аяқтайды.

Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу іс-шара өткізілетін күні сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін жалғасады. Басталуы 09:00.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Әр қатысушыға өзінің велосипедімен жүруге рұқсат етіледі.

Барлық жаңалықтар