00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Bloomberg: Қытай коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырын ұстап отыр

13.02.2023 | 18:45
Елорда ақпарат
51
Bloomberg агенттігі АҚШ-тың үш ресми тұлғасына сілтеме жасай отырып, америкалық барлау қоғамының Covid-19 коронавирус індеті нәтижесінде ауырғандар мен қайтыс болған адамдардың саны туралы деректерді Қытайдың әдейі жасырғанын анықтаған. Тиісті есеп өткен аптада Ақ үйге берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо Voice of America-ға сілтеме жасап. АҚШ мемлекеттік департаментінің иммунологы Дебора Беркс Қытайдың тиісті ақпаратты жасырын ұстауы әлемдік медициналық қауымдастықтың қатерді дұрыс бағаламауына әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Індет ауқымы туралы мәліметтерді Иран, Ресей, Индонезия, Солтүстік Корея, Сауд Арабиясы және Египет елдері де жасырын ұстап отыр деген күдік бар. АҚШ-тың мемхатшысы Майк Помпео барлық елдерді COVID-19 таратылуы туралы нақты деректер ғана хабарлауға шақырды.
Барлық жаңалықтар