00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты

06.05.2024 | 13:16
166
Жеңіс күніне орай рәсімделген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты
фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы безендірілген №7502 электр пойызы жолға шықты. Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған, деп хабарлады Elorda.info.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар «Жеңіс пойызының» алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді.  

Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді. 

Барлық жаңалықтар