00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Екінші сәбиімізді 15 жыл күттік»: Сәкен Майғазиев ел алдында жан сырын ақтарды

03.05.2024 | 16:05
95
«Екінші сәбиімізді 15 жыл күттік»: Сәкен Майғазиев ел алдында жан сырын ақтарды
Фото: дереккөз

ҚР Мәдениет қайраткері, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев ұлы Әділетпен сырласып, болашақ жары туралы әңгімелесті, деп хабарлады Elorda.info

Өнер иесі тұңғышынан кейін 15 жылға жуық бала күткенін жасырмады. 

Балаңды өскенше, немереңді өлгенше. Бала балдан тәтті, немерең жаннан тәтті. Әжең сендерді қалай жақсы көреді?! Бір күн хабарласпай қалса, ренжиді, сөзбен қамшылап алады. Адам оны да сағынатын уақыт келеді. Сенен кейін перзент болғанын 15 жыл күттік. Мен қалай армандасам, анаң 10, 100 есе күтті. Іні-қарындастарың болғанын армандадық. Түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі. Кейін анаңның құрсағына перзент біткенде, үш айдан кейін әжеңе хабарластық. Анаңның махаббатын сезіп жүрсін деген ниетпен айтып жатырмын. Сол кезде анам сүйінші сұрағанда «сүйіншіңе жанымды берейін бе?» деді. Ананың махаббаты өлшеусіз екен, балам. Ал Алланың махаббаты одан шексіз, – деді ол. 

Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің жұбайы тұңғыштары «Әділетті әншінің бірінші әйелінен туған ұл» деп ойлайтынын айтқан еді. 

Біздің қыздардың педиатр дәрігері бар. Бір күні «ыңғайсыз болса да, бір сұрақ қояйыншы?» дейді. «Иә, қойыңыз» десем, «Мына жердегі қыздардың бәріне қызық болып жүр. Осы Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой. Инстаграмнан суреттерді қарасақ, үш қызбен түсесіздер, үш қызбен шетелге қыдырады екенсіздер, Әділетті қоспайсыздар» дейді. Оларға өгей шеше сияқты қоспай жүрген болады екенмін, – деп күлдірген болатын әншінің жұбайы. 

Барлық жаңалықтар