00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Роза Әлқожа келініне ерекше сыйлық тарту етті

15.05.2024 | 11:01
125
Роза Әлқожа келініне ерекше сыйлық тарту етті
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Роза Әлқожа келінінің туған күнін атап өтіп, оған аса ерекше сыйлық тарту еткен. Өнер иесі ұлының келіншегіне күтпеген тосынсый жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Роза Әлқожа келінінің туған күнін қалай атап өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы отбасылық отырыстан видео жариялап, ел назарына ұсынған. Өнер иесі келінінің жаңа жасын қала сыртындағы демалыс орталығында тойлаған.

Бейбарыс Қаба келіншегіне соңғы үлгідегі Iphone сыйласа, жұлдызды енесі мүлдем ерекше сыйлық тарту еткен. Роза Әлқожа жиналған көпшіліктің көзінше келініне құлынды бие сыйлаған.

Әншінің келіні мұндай сыйлықты мүлдем күтпей, екінші анасына алғысын айтты.

Барлық жаңалықтар