00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ҰҚК шекара бұзған 38 шетел азаматын қолға түсірді

03.05.2024 | 17:31
96
ҰҚК шекара бұзған 38 шетел азаматын қолға түсірді
фото: дереккөзден

Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының шекара кеңістігіне қатысты заңнамаларды бұзған 3 186 адамды анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, 38 шетел азаматы шекараны бұзғаны, ал 29 шетел азаматы шекараны бұзуға оқталған.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде: 49 – есірткі заттары, 36 –қару мен оқ-дәрілер, 38 – діни әдебиет, 341 – жанар-жағармай материалдары, 744 –халық тұтынатын тауарлар, - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы тәркіленді.

Барлық жаңалықтар