00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Жеңіс күніне орай концерт өтті

09.05.2024 | 17:48
105
Елордада Жеңіс күніне орай концерт өтті
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге арналған концерт ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрі мен «Астана жастары» КММ жастары Red bus экскурсиялық екі қабатты автобуспен соғыс ардагерлері тұратын мекенжайларға барды. Ардагерлердің үйінің алдында оркестр салтанатты музыкалық құттықтаумен әскери-патриоттық әндерді орындады.

Бүгін біз ардагерлерімізді ерекше форматта құттықтау туралы шешім қабылдадық. Олар тұратын аулаларда оркестрдің қойылымы ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Бұл акцияны жастарымыз қолдады. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты тарих пен мәдениетке баулиды, - деді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Атымтай Бағдат.

Іс-шара барысында барлығына таныс және жүректен орын алған «День Победы», «Смуглянка», «Нам нужна одна победа», «Катюша» және т.б. композициялар орындалды.

 Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Мұндай іс-шараларға қатысу – біз үшін үлкен мақтаныш, - деді Астана жастары волонтері.

Барлық жаңалықтар