00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бишімбаевтың анасы алғаш рет Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады

03.05.2024 | 15:44
144
Бишімбаевтың анасы алғаш реті Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады
Фото: Жоғарғы Сот

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің отбасы Нүкенованың отбасынан кешірім сұрайды. Екі жанұяның басына үлкен сынақ түсті. Салтанат қайтыс болды. Бұл –  орны толмас үлкен қайғы. Күн сайын марқұм Салтанат үшін дұға етеміз. Мен ұлым үшін де дұға етемін. Ұлымның жасаған әрекеті отбасымыз үшін үлкен қасіретке айналды. Біреудің өмірін алуға ешкімнің де құқы жоқ. Бұл – адам төзгісіз қайғы, - деді Қуандық Бишімбаевтың анасы.

Сондай-ақ Альмира Нұрлыбекова  ұлының «Ескі Қазақстан» үшін жауап бермеуі керектігін айтты.

Ана ретінде мен ата-аналық міндетімді атқара алмадым. Сондықтан өмір бойы осы қателігімді талдап өтемін. Қуандық  істеген ісіне сәйкес жазаға лайық. Бірақ ол әйелін аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқ. Бұл абайсызда болған оқиға. Егер әдейі азаптап өлтіретін ойы болса, онда қаланың дәл ортасында мұндай әрекетке бармас еді, - деді анасы.

 

Барлық жаңалықтар