00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

24.04.2024 | 10:45
71
фото: Оңалхан Өнерхан, Elorda.info

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. г. Алматыда күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с. г. Конаевта күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Ақтөбе облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Барлық жаңалықтар