00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Айжұлдыз Адайбекова: Жолда мені көрсеңдер, айналып қашыңдар

06.05.2024 | 11:15
80
Айжұлдыз Адайбекова: Жолда мені көрсеңдер, айналып қашыңдар
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова автосалоннан жаңа көлік сатып алған, деп хабарлады Elorda.info.

Айжұлдыз Адайбекова жаңа көлік сатып алғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлап, көпшілікке көрсетті. Желі жұлдызы қуанышты сәтінен фото жариялап, жолда өзін көріп қалғандарға айналып қашуға кеңес берді. Айта кетерлігі, дизайнер ару әлі жүргізуші куәлігін алмаған.

Менің темір тұлпарым. Енді жүргізіп үйрену керек. Жолда мені көрсеңдер өтініш, айналып қашыңдар. Өздеріңнің сақтықтарың үшін, - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Желідегілер актрисаның жетістігі үшін қуанып, оған жылы лебізін білдірген. «Құтты болсын! Жарайсың, бәрі таза еңбектің арқасы», «Айжұлдыз, мықтысың! Ешкімнің көмегінсіз көлік алу әркімнің қолынан келе бермейді», «Темір тұлпарың тек жақсы жерлерге апарсын», «Бәрімізге жұғысты болсын», - деп жазуда көпшілік.

Барлық жаңалықтар