00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін Digital курстар ашылады

24.04.2024 | 08:32
75
фото: gov.kz

«ITeachMe» қоры мемлекеттік Бірыңғай грант операторының қолдауымен мүгедектігі бар қазақстандықтар СММ-копирайтинг және мобилография курстарын тегін оқи алады. Осы мақсатта мемлекеттік тапсырыс бойынша ITM Academy республикалық жобасы іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info.

Онлайн-жобаға 18-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Іріктеуден өткен 60 студент екі айға созылатын тегін курстан өтеді. Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ымдау тілдерінде қолжетімді. Студенттер курсты аяқтаған соң өз жобаларын қорғайды.

«ITeachMe» қорының басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, оқудан кейін студенттер тез арада жұмысқа тұра алады.

«Біздің оқушыларымыз түрлі компанияларда оффлайн немесе онлайн жұмыс істей алады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мүгедектігі бар адамдарға біраз кәсіби қолдау қажет. Сондықтан оқуды бітіргеннен кейін біз алдымен түлектерді өзіміздің СММ-агенттігімізге жұмысқа аламыз. Олар сәл бейімделіп, тәжірибе жинағаннан кейін басқа компанияларға орналастырамыз», – дейді Захира Бегалиева.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандықтарды оқытуға арналған бұл курстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар